Қарағанды облысында 4 жасар қызды зорлаған педофил 20 жылға сотталды

Фотография - Қарағанды облысында 4 жасар қызды зорлаған педофил 20 жылға сотталды

Жезқазған қаласының тұрғыны 4 жастағы бүлдіршінді қорлағаны үшін 20 жылға темір тордың ар жағына тоғытылды.

312 0

Жезқазған қаласының тұрғыны 4 жастағы бүлдіршінді қорлағаны үшін 20 жылға темір тордың ар жағына тоғытылды.

Бұл туралы Қарағанды облыстық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотынан хабарлады.

«Төрт жасар қызды зорлады деген айып тағылған Жезқазған қаласының 24 жастағы тұрғынына қатысты іс бойынша үкім шығарылды. Сот оның кінәсі толық дәлелденді деп танып, оған 20 жылға бас бостандықтан айыру жазасын тағайындады», - деп атап өтті қылмыстық істер бойынша мамандандырылған сотта.

Оқиға өткен жылдың желтоқсан айында Жезқазған қаласындағы жатақханалардың бірінде орын алды. Тергеудің мәліметі бойынша, ащы суға масайған жұмыссыз жігіт дәлізде ойнап жүрген бүлдіршінді алдап әжетханаға кіргізіп алып, зорлаған. Жапа шеккен баланың анасы тәртіп сақшыларына арызданды. Күдікті анықталып, оған кісен салынды. Ол кінәсін мойындады.

Істің материалдарында қыз бала ұзақ уақыт бойы психологиялық қайта оңалу курсынан өткені көрсетілген.

Сондай-ақ, Қарағанды облыстық прокуратурасының мәліметінше, 4-сыныптың оқушысын зорлады деген күдікпен 32 жастағы ер адам құрықталды. Алдын ала тергеу жұмыстарының мәліметтеріне қарағанда, алкогольді ішімдікке тойып алған ер адам оқушы қызды адам көзінен таса жерге шақырып алып, зорлаған. Ұсталған азаматтың үстінен ҚР ҚК 120-бабының 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жұмыстары жүргізілуде.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!