Ақтөбеде "жиһадқа шақырып, қару сақтаған" 2 азамат сотталды

Фотография - Ақтөбеде "жиһадқа шақырып, қару сақтаған" 2 азамат сотталды

Бүгін Ақтөбе қалалық сотының үкімімен «джихадқа үгіттегені» және «қару сақтағаны үшін» Батыс Қазақстан облысының екі тұрғыны сотталды

353 0

Бүгін Ақтөбе қалалық сотының үкімімен «джихадқа үгіттегені» және «қару

сақтағаны үшін» Батыс Қазақстан облысының екі тұрғыны сотталды.

28 жастағы Айбек Таңатаров қылмыстық кодекстің 233-1 бабының 1-ші бөлімімен айыпталып («өзгелерді жихадқа шақыру») 5 жылға сотталды. Ал, 22 жастағы 251

баптың 2-бөлімі бойынша айыпталған ("қару сақтау") Елтай Елеуовке сот 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасын кескен.

Тергеу материалдарына қарағанда, сотталғандар былтыр желтоқсан айында

Ақтөбе облысының аумағында шолақ мылтықпен ұсталған.

Сотталушылардың туыстары мен Елтай Елеуовтің адвокаты Рахметолла

Жоланов сот үкіміне разы емес. Ол сот процесінде заңды айғақтар жеткіліксіз болғанын алға тартып, үкімге апелляциялық шағым түсіретінін айтады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!