Таразда полицейлер ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысын құрықтады

Фотография - Таразда полицейлер ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысын құрықтады

Өткен аптада ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністерінің қызметкерлері ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы мен мүшелерін құрықтады

199 0

Өткен аптада ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністерінің қызметкерлері ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы мен мүшелерін құрықтады. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Ресми өкілдің берген мәліметтерінше, Оңтүстік Қазақстан облысының тәртіп сақшылары Сарыағаш ауданы Көктерек ауылында «Wolksvagen Golf» маркалы автокөлікті жүргізіп келе жатқан 33 жастағы қылмыстық топтың мүшесін ұстаған. Тінту барысында автокөлік салонынан 2 грамм героин және 3 дана оқ-дәрісі бар шолақ аңшы мылтығы табылып, тәркіленген.

«Ал Жамбыл облысы ІІД-нің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Тараз қаласы Алатау шағынауданындағы үйдің маңынан 39 жастағы ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысын қолға түсірді. Ұсталған ер кісінің беліндегі сөмкеден 1 келі 200 грамм «шайыр-канабис» есірткі заты табылды, сондай-ақ оның оң аяғына бекітілген қапта (кобурада) 6 дана оқ-дәрімен жарақталған «ПСН» маркалы тапаншасы жасырылғандығы анықталды. Қару және есірткі затын сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, ұсталғандар қамауға алынды», - деп түсіндірді ресми өкіл.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!