Текеліде суы бар бөшкеге екі жасар қыз бала батып кетті

Фотография - Текеліде суы бар бөшкеге екі жасар қыз бала батып кетті

Полиция екі жүз литрлік бөшкедегі суға тұншыққан екі жасар қыздың өліміне қатысты тергеу жүргізуде

134 0

Полиция екі жүз литрлік бөшкедегі суға тұншыққан екі жасар қыздың өліміне қатысты тергеу жүргізуде, деп хабарлайды жұмада Алматы облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

ІІД мәліметінше, қайғылы оқиға 2 мамырда кешке қаланың жекеменшік үйлерінің бірінде болған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, қыз бала бақшада ойнап жүріп, абайсызда  жерге қазып орнатылған суы бар бөшкеге құлап кеткен. Үйде әжесі және тағы бір бүлдіршін болған.Қарт ана балаларды бағып отырып, бір минутқа көз жазып қалған» -деп хабарлады облыстық полициядан.

Өлім фактісі бойынша сот-медициналық саораптамасы тағайындалды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!