Алматы облысында 34 жастағы тұрғын ауылдастарына оқ жаудырды

Фотография - Алматы облысында 34 жастағы тұрғын ауылдастарына оқ жаудырды

Тәртіп сақшылары Алматы облысында өз ауылдастарына аңшылық мылтықтан оң боратқан Жамбыл ауданы Үмбетәлі ауылының 34 жастағы тұрғынын ұстады

123 0

Тәртіп сақшылары Алматы облысында өз ауылдастарына аңшылық мылтықтан оң боратқан Жамбыл ауданы Үмбетәлі ауылының 34 жастағы тұрғынын ұстады.

Күдікті ауыл көшелерінің бірінде 16-шы калибрлі аңшы қаруынан бейтаныс адамдарға - 87 жастағы қария мен оның 9 жастағы немересіне оқ атқан. Салдарынан зейнеткер жеңіл жарақаттанды, оның аяғына бірнеше бытыра түсті. Зардап шегушіге медициналық көмек көрсетіліп, оған амбулаторлық ем-дом тағайындалды.

Қаруланған ер адам туралы ауылдастары полицияның жергілікті учаскелік инспекторына хабарлады. Тәртіп сақшысы Жамбыл АІІБ тергеу-жедел тобын көмекке шақырып, күдіктінің қаруын тәркілеп, өзін тұтқындады. Ер адам соңғы 6 жыл бойы психиатрдың есебінде тұрғаны анықталды. Ал мылтықты ол ауылдың шетінен тапқанын айтып ақталуда.

Бүгінде бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті Жамбыл АІІБ қамауға алынды. Тәркіленген мылтықтың тіркеуге қойылмағаны анықталып, қару баллистикалық сараптамаға жөнелтілді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!