Астанада пәтер тонаушылар құрықталды

Фотография - Астанада пәтер тонаушылар құрықталды

Елордалық полицейлер оқиға орнында 6 адамнан тұратын қылмыстық топты құрықтады. Анықталғандай, олардың бесеуі – бұрын сотталған азаматтар болып шықты

206 0

Елордалық полицейлер оқиға орнында 6 адамнан тұратын қылмыстық топты құрықтады. Анықталғандай, олардың бесеуі – бұрын сотталған азаматтар болып шықты, деп хабарлады Астана қаласының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

Оңай олжаға батпақ болған гастролер-ұрылар елордаға Павлодар және Қарағанды облыстарынан келген болып шықты. Тергеу барысында анықталғандай, әлгілер терезеден кіріп, пәтерден 1 млн. теңгеден астам соманың заттарын алып шыққан.

Қазір бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды және олардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!