Банкоматтан ақша ұрламақ болған алаяқтар ұсталды

Фотография - Банкоматтан ақша ұрламақ болған алаяқтар ұсталды

Сәуірдің 30-ы күні Қазкоммерцбанк қауіпсіздік департаменті Алматы қаласы ІІД «К» бөлімшесінің қызметкерлерімен бірігіп, 40 жасар Болгарияның азаматын Қазкоммерцбанк банкоматынан скиммингтік құрылғы арқылы ақша ұрламақ болған кезінде қолға түсірді

123 0

Сәуірдің 30-ы күні Қазкоммерцбанк қауіпсіздік департаменті Алматы қаласы ІІД «К» бөлімшесінің қызметкерлерімен бірігіп, 40 жасар Болгарияның азаматын Қазкоммерцбанк банкоматынан скиммингтік құрылғы арқылы ақша ұрламақ болған кезінде қолға түсірді. Бұл туралы банктің баспасөз-қызметі мәлімдеп отыр. 

«Алаяқ Қазкоммерцбанк клиенттерінің қырағылығы арқасында ұсталды. Клиенттердің бірі Алматы орталығында орналасқан банкоматта скиммингтік құрылғының орнатылғанын ескертіп, сол күні банктің байланыс орталығына қоңырау шалған болатын»,-делінген мәлімдемеде.

Айлакер қолданған скимминг жабдығы төлем карточкасынан ақпараттарды оқитын құрылғымен жабдықталған көрінеді. Ол банкоматтың карта салынатын саңылауына орнатылыпты.


Қауіпсіздік департаментінің мамандары оқиға орнына дереу жетіп, кадридерді тауыпты және Алматы ІІД бірігіп жүргізген іс шаралар барысында Мирослав М. есімді болгар азаматын қолға түсіріпті. Сондай-ақ, оның екі сыбайласы да көп ұзамай құрықталыпты. Олардың пәтерлерінде қылмыстық әрекеттерін дәлелдейтін айғақтар табылған көрінеді.

Қазкоммерцбанк өз клиенттерін банкоматты қолданған кезде сақ болып, қауіпсіздік шараларын ұстануға шақырып отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!