«BMW»-ны тізгіндеген павлодарлық оқушы әйелді мерт қылды

Фотография - «BMW»-ны тізгіндеген павлодарлық оқушы әйелді мерт қылды

Екібастұзда жүргізуші куәлігі және көлікті жүргізуде тәжірибесі жоқ 17 жастағы оқушы, 2 мамыр күні «BMW-318»-дің руліне отырып, жаяу жүргіншілер жолағында 58 жастағы әйелді қағып кетті

461 0

Екібастұзда жүргізуші куәлігі және көлікті жүргізуде тәжірибесі жоқ 17 жастағы оқушы, 2 мамыр күні «BMW-318»-дің руліне отырып, жаяу жүргіншілер жолағында 58 жастағы әйелді қағып кетті.

ІІД-нің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды.

Анықталғандай, автокөлік жеткіншектің анасына тиесілі, оны басқаруға сенімхат оның әкесінің атына жазылған.

ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқушы баладан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!