Алматы облысында бір жарым жастағы қыз бесінші қабаттағы терезеден құлап кетті

Фотография - Алматы облысында бір жарым жастағы қыз бесінші қабаттағы терезеден құлап кетті

Іле ауданы Өтеген батыр кентінде бір жарым жастағы қыз бесінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кетті

276 0

Іле ауданы Өтеген батыр кентінде бір жарым жастағы қыз бесінші қабатта орналасқан пәтердің терезесінен құлап кетті.

Бала аман қалды, бірақ ауыр жарақаттармен Алматы облысының ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын «тұрақты ауыр» деп бағалауда.

Тергеуалды тексерістің барысында полицейлер анықтағандай, сәби терезеге жақын қойылған диванның үстінде ойнап отырған. Ол диванның арқасына шығып, ашық терезеге тартылған мата торға сүйенемін деп құлап кеткен.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!