Қарағандыда 3 келіден астам героинмен жұмыссыз әйел ұсталды

Фотография - Қарағандыда 3 келіден астам героинмен жұмыссыз әйел ұсталды

Қарағандыда 36 жастағы жұмыссыз әйел ұсталды, оның пәтерінен 3 келіден астам героин табылды

299 0

Қарағандыда 36 жастағы жұмыссыз әйел ұсталды, оның пәтерінен 3 келіден астам героин табылды.

Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен мәлім етті.

«3 мамыр күні ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің және Қарағанды қалалық ІІБ есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері шұғыл-іздестіру іс-шаралары барысында 36 жастағы қарағандылық жұмыссыз әйелді ұстады. Оның пәтерінде санкцияланған тінтуді жүргізу барысында кіреберіс бөлмеде салмағы 3 келіден астам «героин» есірткі заты табылды», - делінген баспасөз хабарында.

Азаматшаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау абақтысына жеткізілді.


Тегтер:

героин қылмыс

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!