Көкшетауда тубдиспансердің шатырын жел ұшырып әкетті

Фотография - Көкшетауда тубдиспансердің шатырын жел ұшырып әкетті

Медициналық мекеменің шатырына 2007 жылы жөндеу жүргізілген болатын.

215 0

Көкшетауда күшті жел К.Құрманбаев атындағы туберкулезге қарсы диспансердің 4 қабатты корпусының шатырын жұлып әкетті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Оқиға осыдан 15 сағат бұрын орын алды. Корпустың төтінші қабатында операциялық блогы мен реанимация бар өкпе-хирургиялық бөлім орналасқан.

«Төтенше жағдай медицина қызметкерлері мен науқастарға ешқандай қауіп төндірген жоқ. Кешкі ағат 19:00 шамасында ТЖ департаментінің күштері жағдайды реттеді», – деді баспасөз қызметінде.

Медициналық мекеменің шатырына 2007 жылы жөндеу жүргізілген болатын.

«Қазіргі уақытта облыстық денсаулық сақтау басқармасы визуальдық тексеру мен шығын көлемін анықтау үшін комиссия құрылды. ТЖ органдары және қала әкімдігімен бірлескен жұмыстар жалғасуда», – деді өңір басшысының баспасөз қызметінде. 

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

ауа райы

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!