Есіл ауданында көлік тонаушылар ұсталды

Фотография - Есіл ауданында көлік тонаушылар ұсталды

Астаналық ІІД Есіл аудандық ІІБ қызметкерлері көлік тонаумен айналысып келген 4 ұрыны қолға түсірді

279 0

Астаналық ІІД Есіл аудандық ІІБ қызметкерлері көлік тонаумен айналысып келген 4 ұрыны қолға түсірді,

деп хабарлады  аталмыш құқық қорғау ведомоствосының баспасөз қызметі.

Есіл аудандық ІІБ-ға түнгі мезгілде белгісіз біреулер көлік есігін  бұзып, 100 мың теңгенің  бағалы заттарын алып кеткендігі жайлы хабар түскен. Оның артынша осы әдіспен тағы бір ұрлық жасалғаны жайлы қоңырау шалынған. Екі көлік те бір жерде тұрған.

Шұғыл әрекет етудің нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктілердің ізін суытпай қолға түсірді. Олар 21-22 жастағы 4 жігіт болып шықты. Бірі бұрын сотталған. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің осы тәріздес қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!