Бұзақылар жол полициясы қызметкерін соққыға жықты

Фотография - Бұзақылар жол полициясы қызметкерін соққыға жықты

Қарағандыда жол ережесін бұзған көлікті тоқтатқан жол полициясы қызметкерлеріне  алты жігіт қарсылық көрсеткен

126 0

Қарағандыда жол ережесін бұзған көлікті тоқтатқан жол полициясы қызметкерлеріне  алты жігіт қарсылық көрсеткен.

Салдарынан тәртіп сақшыларының бірі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.

Полицияның мәліметіне қарағанда, келеңсіз оқиға 6 мамырға қараған түні қаладағы Гоголь көшесінде орын алған.

«Жол полициясының қызметкерлері «Мерседес»  жүргізушісінің жол ережесін бұзғанын байқап, тоқтауға белгі берген. Талап орындалды, бірақ машина ішінен шыққан жүргізуші мен оның 5 жолаушысы жол сақшыларына  тап берген.  Алған соққы салдарынан 31 жастағы жол полициясының  инспекторы ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша,  оның басы жарылып, миы шайқалған.

Бұзақылардың үлкені 27 жаста, ал ең кішісі - 20-да.

«Бәрі де алкогольді ішімдік ішкен. Олардан травматикалық тапанша алынды.  Ұсталғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалды», делінген баспасөз қызметінің хабарламасында. 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!