Алматыда «Мерседес» «Сюрф» көлігінің астына кіріп кеткен (фото)

Фотография - Алматыда «Мерседес» «Сюрф» көлігінің астына кіріп кеткен (фото)

Өткен жексенбі күні кешкісін Оңтүстік астананың Төле би және Мұқанов көшелерінің қиылысында бірден үш көлік соқтығысып қалды

188 0

Өткен жексенбі күні кешкісін Оңтүстік астананың Төле би және Мұқанов көшелерінің қиылысында бірден үш көлік соқтығысып қалды, деп хабарлайды today.kz сайтының көшпелі тілшісі.

Көптеген куәгерлердің сөзіне қарағанда, «Мерседестің» жүргізушісі Төле бидің бойымен шығысқа қарай беттеп келе жатқан. Үлкен жылдамдықпен келе жатқан жүргізуші бағдаршамның қызыл шамы жанғанына қарамастан қиылыстан өтіп кетпек болған. Алайда осы кезде көше қиылысына Мұқанов көшесінің бойымен оңтүстікке қарай беттеп келе жатқан «Тойота Сюрф» шығып қалады.

Соққының салдарынан «Мерседес» «Сюрфтың» астына кіріп кеткен, сонымен қоса «Сюрф» Мұқанов көшесімен солтүстікке қарай беттеп келе жатқан тағы бір «Мерседесті» іліп кеткен.

Жол оқиғасының салдарынан «Тойотада» болған 9 жасар бала жапа шекті. Балақайды анасымен бірге балалар ауруханасына жеткізді.

 


Тегтер:

авария

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!