Текеліде анасы мен қызы егде жастағы көршілерін соққыға жықты

Фотография - Текеліде анасы мен қызы егде жастағы көршілерін соққыға жықты

Алматы облысындағы Текелі қаласының тұрғындары ерлі-зайыпты егде жастағы көршілерін соққыға жығуға күдіктелуде.

126 0

 Алматы облысындағы Текелі қаласының тұрғындары ерлі-зайыпты егде жастағы көршілерін соққыға жығуға күдіктелуде.

Текелі ҚІІБ-іне зейнет жасындағы ерлі-зайыптылардан көршілес тұратын екі әйелге қатысты бұзақылық туралы екі арыз түсті.

Арызда көрсетілген фактілерді тексергенде рас  болып шықты. Егде адамдарды көршілес, маскүнемдікке үйір анасы мен қызы соққыға жыққан. Олар арақ ішетін ақша сұрап қарттарға жиі келеді. Оларға ақша беруден бас тартқан қарттарға көршілері жұдырық ала жүгірген. Сараптама нәтижелері бойынша олардың екеуін де жауапқа тарту туралы шешім қабылданатын болады.

Полицейлер тергеу алдындағы тексерісті жалғастыруда. Ұсталған әйелдерге қатысты бұзақылық бойынша іс қозғалған жағдайда олар екі жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!