Оралда жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысты, үш адам мерт болды

Фотография - Оралда жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысты, үш адам мерт болды

6 мамыр күні кешкісін Орал қаласы мен Зашаған кентінің аралығында ірі жол-көлік апаты орын алды

169 0

6 мамыр күні кешкісін Орал қаласы мен Зашаған кентінің аралығында ірі жол-көлік апаты орын алды.

Оқиға куәгерлерінің сөзіне қарағанда, 22-ші бағдарлы автобус пен «Лада «Приора» жеңіл автокөлігі соқтығысқан. Өте қатты соққыдан автобус жеңіл автокөлікті жаншып өткен. Алдын ала мәліметтерге қарағанда,  «Лада «Приора» көлігінде болған жүргізуші мен оның екі жолаушысы мерт болды. Сонымен қатар оқиға орнынан тағы жеті адам облыстық ауруханаға жеткізілді.

Оқиға орнына шұғыл түрде жол полициясы, жедел жәрдем, құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жетті.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!