Жамбыл облысында 17 жасар жігіт полицейді пышақтаған

Фотография - Жамбыл облысында 17 жасар жігіт полицейді пышақтаған

Бұл туралы облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз-қызметі хабарлап отыр. 

219 0

Жамбыл облысында полиция қызметкері 17 жасар баланың қолынан жарақат алды. Бұл туралы облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз-қызметі хабарлап отыр. 

«Алдыңғы айда полицияның учаскелік бөлімшесіне Алматы-Ташкент жолында бал сататын сауда павильонының иесі хабарласып, бейтаныс кісілер дүңгіршекке тас атып, қоқан лоқы жасағанын айтқан болатын. Оқиға орнына шұғыл тергеу тобы келіп жеткенінде, тәртіп сақшыларын көрген қылмыскерлер жан-жаққа жүгіре жөнелген. Ішкі істер органдарына 2013 жылдың басында қабылданған Ерасыл Тілеміс қылмыскерді қуып жеткенімен, қаскүнем пышақ ала жүгіріп, полицейге үш рет сұққан көрінеді. Ауыр жарақатына қарамастан жас қызметкер күдіктіні шұғыл тергеу тобының өзге қызметкерлері келгенге дейін жібермепті»,-делінген хабарламада.


Бауыры мен өкпесіне жарақат алған тәртіп сақшысы аудандық ауруханаға жіберілді.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!