Астанада ОҚО тұрғынын 13 дерлік келі марихуанамен ұстады

Фотография - Астанада ОҚО тұрғынын 13 дерлік келі марихуанамен ұстады

АСТАНА, 8 мамыр – Қазақстан жаңалықтары АА.Астана қалалық ІІД қызметкерлері ОҚО тұрғынынан есірткі затын тәркіледі, деп хабарлады  қалалық ІІД баспасөз қызметі.

170 0

АСТАНА, 8 мамыр – Қазақстан жаңалықтары АА.Астана қалалық ІІД қызметкерлері ОҚО тұрғынынан есірткі затын тәркіледі, деп хабарлады  қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Жедел іздестіру шараларының барысында елордадағы тұрғын үйлердің бірінің ауласындағы көлікті тексеру кезінде 41 жастағы жолаушыдан 12 келіден астам марихуана табылды.

Қазіргі таңда ер адамға қатысты ҚР ҚК 259 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тұтқындалған ОҚО тұрғыны Астана қалалық ІІД уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Тергеу жұмыстары жүргізілуде.

 


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!