Құлсарыда өрт салдарынан екі ер адам қаза болды

Фотография - Құлсарыда өрт салдарынан екі ер адам қаза болды

Өрт салдарынан екі ер адам қазаға ұшырады, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

175 0

Өрт салдарынан екі ер адам қазаға ұшырады, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Атырау облысындағы Құлсары қаласында жұма күні, 10 мамырда Құлтумиев көшесі, 45 мекенжайындағы 2 қабатты тұрғын үйдің кіреберісінде өрт шықты. Тілсіз жау 26 шаршы метр аумақты шарпыды. 20 адам көшірілді.

Төтенше жағдайдың салдарынан 1955 жылы туған ер адам ауруханада көз жұмды, түтін иісіне уланған 2011 және 2003 жылдары туылған балалар ауруханаға жеткізілді.

Өртті ауыздықтауға ҚР ТЖМ Атырау облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 8 адамдық құрамы мен 3 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Сол күні Оралда Комсомол көшесі, 48 мекенжайындағы 9 пәтерлік тұрғын үй өртенді. Өрт аумағы 30 шаршыметрді қамтыды. Оқиға орнынан 1965 жылғы ер адамның мәйіті табылды.

Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Батыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД өрт сөндіру қызметінің 13 адамы мен 3 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Қызылорда қаласында 5 қабатты көппәтерлі тұрғын үйде орналасқан «Қазпошта» АҚ-ның № 16 бөлімшесінде өрт шықты. Жалын 50 шаршы метр аумақты қамтыды. 14 адам көшірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Қызылорда облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 10 адамы мен 2 бірлік техникасы қатысты.  


Тегтер:

пожар

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!