Қарағандыда ащы суға масайған сержант көлік айдап әкетті

Фотография - Қарағандыда ащы суға масайған сержант көлік айдап әкетті

 Қарағандыда ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери бөлімдердің бірінде келісім-шартпен қызмет ететін 28 жастағы ер адам ұсталды. Ащы суға масайған ол Volkswagen көлігін айдап әкеткен. Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

155 0

 Қарағандыда ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери бөлімдердің бірінде келісім-шартпен қызмет ететін 28 жастағы ер адам ұсталды. Ащы суға масайған ол Volkswagen көлігін айдап әкеткен. Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

«Өткен демалыс күндері Қарағанды қалалық ІІБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне бір ЖШС-нің жүргізушісі жүгініп, оның Volkswagen қызметтік көлігі ауладан қолды болғанын мәлім еткен. Жол сақшылары «Қарағанды-Үштөбе» тасжолында айдап әкетілген көлікті анықтады. Оның тізгінінде әскери бөлімдердің бірінің 28 жастағы сержанты мас күйінде отырған», - деп көрсетілген баспасөз хабарламасында.

Бүгінгі таңда аталмыш жайт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары қолға алынған.

Сонымен қатар өткен демалыс күндері өңірдегі Петровка ауылындағы құс фабрикасының аумағынан тіркемесі бар КамАЗ айдап әкетілген. «Бұқар жырау аудандық ІІБ тергеу-жедел тобы көлікті айдап әкеткен 19 жастағы жігітті құрықтады. Ал көлік иесіне қайтарылды», - деп жазылған Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Құс фабрикасының бұрынғы жұмысшысы көлікпен серуендеуді ұйғарып, заңның ала жібін аттаған. Енді ол қылмыстық жауапкершілікке тартылады.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!