Ерейментау қаласында 5-ші сынып оқушысын зорлап, өлтірді деген күдікпен 30 жастағы ер адам ұсталды

Фотография - Ерейментау қаласында 5-ші сынып оқушысын зорлап, өлтірді деген күдікпен 30 жастағы ер адам ұсталды

Ерейментау қаласында тәртіп сақшылары 11 жастағы қызды зорлаған, өлтірген деген күдікпен ер адамды қолға түсірді. Бұл туралы Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлап отыр.

405 0

Ерейментау қаласында тәртіп сақшылары 11 жастағы қызды зорлаған, өлтірген деген күдікпен ер адамды қолға түсірді. Бұл туралы Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Полицияның учаскелік инспекторы Ерейментау АІІБ кезекшілік бөліміне 5 сыныптың оқушысы, 11 жастағы қыз бала үйінен кетіп, ізім-ғайым жоғалғанын хабарлаған.

Іздестіру шаралары барысында Изобильное ауылынан 250 метр жерде Селета өзенінде жоғалған қыздың мүрдесі табылды. Жақын маңды тексеру кезінде жапа шеккен баланың киім-кешегі де табылды.

Сараптама қортындысына сәйкес «миына қан кетіп, бас сүйегі сынған, жабық бас-сүйек жарақаты» салдарынан жасөспірім жан тәсілім еткен. Бұдан басқа қыздың зорланғаны да анықталып отыр. Аталмыш оқиға бойынша ҚР ҚК 96 бабының 2 тармағы (Адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 1983 жылы туған жергілікті тұрғын ұсталды. Қазір тергеу жұмыстары жүргізілуде.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!