Шымкентте полицейлер жас жұбайларға оқ атқан күдіктіні қолға түсірді

Фотография - Шымкентте полицейлер жас жұбайларға оқ атқан күдіктіні қолға түсірді

Қарудан атылған оқ жас жұбайлардың қуанышын бөлісуге келген тағы бір жігітті жаралағаны да анықталды

215 0

Шымкенттік тәртіп сақшылары дендробақта серуендеп жүрген жас жұбайларға оқ атқан 30 жасар күдіктіні қолға түсірді.

Оқиға 11 сәуір күні орын алған. Әл-Фараби аудандық ІІБ-не хабарласқан жан қаладағы дендрарий бағында белгісіз біреудің серуендеп жүрген жас жұбайларға оқ атқандығын және жараланғандардың бар екендігін хабарлаған.

Оқиға орнына дереу жеткен тәртіп сақшылары анықтағандай, 1982 жылғы ер азамат пен 1992 жылғы бойжеткен отау құрып, той алдында дос-жарандарымен баққа серуендеуге шыққан екен. Осы сәтте 25-30 жас шамасындағы белгісіз тұлға жас жұбайларға қарата оқ атыпты. Соның салдарынан күйеу жігіт ауыр жараланып, ауруханаға жеткізілді.

Қарудан атылған оқ жас жұбайлардың қуанышын бөлісуге келген тағы бір жігітті жаралағаны да анықталды. Жәбірленуші қаскөйді қуып ұстамақ болған көрінеді. Алайда, күдіктіні жедел қолға түсіру мүмкін болмаған. Ол, оқиға орнынан бой тсалап үлгерді.

Араға бір ай уақыт салып, құқық қорғаушылар осы іске қатысы бар деген күдікпен отыз жастағы азаматты қолға түсірді. Ол қазіргі таңда өз кінәсін толығымен мойындап отыр.

Тергеу барысында анықталғандай, оқыс оқиғаға қызғаншақтық себеп болған. Жараланған күйеу жігіттің бірінші әйелі күдіктінің махаббаты болған екен. Әйелін бала-шағасымен бірге тастап, өзі жас қызға үйленіп жатқанын естіген күдікті дереу жас жұбайлардың ізіне түсіп, күйеу жігіттің екі аяғынан атып тастаған.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша қылмыстық іс қоғалып, күдікті тергеу изоляторына жабылды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!