Алматыда алкоголь өнімдерін шығаратын 7 астыртын цех жабылды

Фотография - Алматыда алкоголь өнімдерін шығаратын 7 астыртын цех жабылды

деп хабарлайды Алматы қалалық қаржы полициясының баспасөз қызметі

146 0

Алматыда жедел-іздестіру шарасы барысында заңсыз түрде алкоголь өнімдері шығарылған 7 астыртын цехтың жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды Алматы қалалық қаржы полициясының баспасөз қызметі.

Барлық цехтар Алматының Алатау ауданында, атап айтқанда «Шаңырақ», «Шаңырақ-2», «Дархан», «Ұлжан» және «Түркістан» шағын аудандарында жұмыс істеп келген.

Жедел - іздестіру шарасы барысында департамент қызметкерлері 7 249 құты арақ-шарап өнімдерін тәркілеген. Сонымен қатар акцизделетін өнімді, қорқорды заңсыз сату бойынша 4 факті анықталып, оның үшеуі бойынша іс сотқа жолданды.

Алматы қалалық экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаменті астыртын цехтар мен алкоголь өнімдерін заңсыз сату орындарын жабу жұмыстарын жалғастыра беретінін хабарлайды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!