Көкшетау тұрғыны 18 келіден астам есірткіні алып өтпек болды

Фотография - Көкшетау тұрғыны 18 келіден астам есірткіні алып өтпек болды

Сарапшының қорытындысына сәйкес ол 18 келіден астам есірткі болып шықты.

228 0

 Көлік полициясының қызметкерлері жолаушылар пойызында есірткінің ірі партиясын тәркіледі, деп хабарлады Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.

Бірнеше сағат бұрын «»Допинг» жедел-алдын алу шараларының барысында Көліктегі ІІД басқармасының есірткі бизнесімен күрес бөлімшесінің және Көкшетау стансасындағы желілік ІІБ қызметкерлері қызметтік итті пайдалана отырып, «Қызылорда-Көкшетау» жолаушылар пойызында «Макинка-Жасыл» стансалары аралығында Көкшетау қаласының тұрғынын ұстады, оның жол сөмкесінен скочпен буылып, үш қызыл пакетке салып оралған күдікті зат табылды. Пакеттің ішінде иісі бар жасыл түсті өсімдік тектес зат болды. 

Сарапшының қорытындысына сәйкес ол 18 келіден астам есірткі болып шықты.

Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша оқшаулау абақтысына жабылды.Тергеу амалдары жүргізілуде.


Тегтер:

есірткі

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!