Көлік сақшылары ірі көлемдегі есірткі затын тасымалдаушыны ұстады

Фотография - Көлік сақшылары ірі көлемдегі есірткі затын тасымалдаушыны ұстады

13 мамыр күні  Көліктегі ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы мен Көкшетау стансасы ЖІІБ есірткіге қарсы күрес тобының қызметкерлері «Допинг» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында қызметтік іздестіру итін қолдана отырып,

156 0

№55 «Қызылорда-Көкшетау» бағытындағы жолаушылар пойызында   Д. есімді көкшетаулық азаматты ұстады. Тексеру барысында оның жүк сөмкесінен скотчпен буылған қызыл түсті үш полиэтилен пакеттердің ішінен  өзіндік исі бар жасыл түсті өсімдік тектес зат табылды, деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметі.

Сараптау қорытындысына сәйкес, алынған есірткі затының салмағы 18 келі 890 грамм болды.

Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!