Астанада 4 бойжеткен ер адамды соққыға жығып, пышақпен жаралаған

Фотография - Астанада 4 бойжеткен ер адамды соққыға жығып, пышақпен жаралаған

деп хабарлайды Астана ІІД-нің баспасөз қызметі.

172 0

«Алматы» аудандық ІІА-нің кезекші бөліміне 28 жастағы ер адам хабарласып, Бөгенбай батыр мен Жеңіс даңғылдарының қиылысында бейтаныс 4 бойжеткен оны соққыға жығып, пышақпен жаралағанын айтқан, деп хабарлайды Астана ІІД-нің баспасөз қызметі.

«Полиция қызметкерлерінің жедел-іздеу шараларын жүргізу барысында Ақмола облысының екі тұрғыны – 20 жастағы егіз апалы-сіңілілер және Солтүстік Қазақстан облысының екі тұрғыны – 20 және 21 жастағы екі бойжеткен ұсталды», – делінген хабарламада.

Тергеу барысында анықталғандай, сағат 23:00 шамасында автобус аялдамасында тұрған ер адамға 4 бойжеткен келіп, дөрекі түрде шылым сұрайды. Ер адам мен қыздардың арасында жанжал шығып, соңы төбелеске ұласады да, бұзақы қыздардың бірі жігітке пышақ салады.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматшалар өз қылмыстарын мойындады. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде. 

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!