Текелі тұрғыны 62 жастағы ер адамды балдақпен ұрып өлтірген

Фотография - Текелі тұрғыны 62 жастағы ер адамды балдақпен ұрып өлтірген

Текелі қаласының полиция қызметкерлері 62 жастағы ер адамды айуандықпен өлтірді деген күдікпен осы елді мекенде тұратын әйелді қамауға алды.

151 0

Текелі қаласының полиция қызметкерлері 62 жастағы ер адамды айуандықпен өлтірді деген күдікпен осы елді мекенде тұратын әйелді қамауға алды.

Текелі қаласындағы пәтерлердің бірінен зорлықпен өлтірілген ер адамның мәйіті табылды. Полиция қызметкерлері мәйіттің қасынан қанға боялған балдақ тауып алды.

Қылмыс жасады деген күдікпен мас күйінде ер адамды балдақпен ұрып, басын жарған 29 жасар әйел ұсталды.

Тұтқындалған әйел Текелі ІІҚБ-де қамауда. Әйелге Қазақстан Республикасының  Қылмыстық Кодексінің  103-бабының 3-бөлімі бойынша «адам өліміне әкеп соқтырған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді» деген айып тағылып отыр, оған сәйкес он жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!