Ауыл тұрғыны өзін жеткізіп салудан бас тартқан 83 жастағы қарт жүргізушіні пышақтап өлтірді

Фотография - Ауыл тұрғыны өзін жеткізіп салудан бас тартқан 83 жастағы қарт жүргізушіні пышақтап өлтірді

Павлодарлық тәртіп сақшылары адам өлтірді деген күдікпен Успен ауданының 37 жастағы тұрғынын қолға түсірді

132 0

Павлодарлық тәртіп сақшылары адам өлтірді деген күдікпен Успен ауданының 37 жастағы тұрғынын қолға түсірді.

83 жастағы қарияның мәйіті Павлодар қаласының Айманов көшесінде орналасқан гараждан табылды. Анықталғандай, 12 мамыр күні кешке күдікті қарт кісі өзінің көлігін жөндеп жатқан гаражға келіп, оны Успенкаға апарып тастауын өтінген.

Зейнеткер мұндай кәсіппен айналыспайтынын әрі көліктің істен шыққанын айтқан. Ауылдасы жөндеуге өзінің көмегін ұсынған, бірақ, зардап шегуші оны итеріп жіберіп, балағаттаған.

Ашуға булыққан күдікті жердегі пышақты алып, қарияға сұққан. Зейнеткер алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды. «Адам өлтіру» бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!