Талдықорғанда ер азамат әйелін жезөкешлікке сатпақ болған

Фотография - Талдықорғанда ер азамат әйелін жезөкешлікке сатпақ болған

Бұл жайында облыстық ІІД баспасөз хатшысы Көбейхан Нұрахмет хабарлады

115 0

Алматы облысында 1980 жылы туған азамат азаматтық некедегі әйелін жезөкшелікке сатпақ болды деген күдікпен қамауға алынды. Бұл жайында облыстық ІІД баспасөз хатшысы Көбейхан Нұрахмет хабарлады.

Талдықорған қаласының полициясына келіп түскен хабарламада айтылғандай, күдікті өзінің сыбайласымен бірге азаматтық некеде тұрған әйелін 150 АҚШ долларына қонақ үй басшылығына сатпақ болған. Әйел одан әрі осы қонақ үйде жезөкшелікпен айналысуға тиіс болыпты.

Тәртіп сақшыларына жәбірленушіні сатып алмақ болған қонақ үй қызметкерінің өзі хабарласыпты. Істің арты таза еместігін сезген ол «сатушыларға» ақшаны бөліп беремін деп алдап, олардың кейінірек келуін сұраған. Сол сәтте ол құқық қорғаушыларды шақырып үлгеріпті. Осылайша, 33 жастағы әйелді сатпақ болған ер азамат пен оның сыбайласын «Арлан» арнайы жасағының өкілдері қолға түсірді.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!