Астанада терроризм айыбымен 6 адамға сот басталды

Фотография - Астанада терроризм айыбымен 6 адамға сот басталды

Астананың қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында терроризм бойынша айыпталған алты адамның үстінен сот басталды.

160 0

Астананың қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында терроризм бойынша айыпталған алты адамның үстінен сот басталды.

Сотқа тартылған алты адам - Шәріпов, Қошалақов, Қадырсызов, Қасқабаев, Жүнісов және Әбдікеров. Оларға "жарылыс жасауға сөз байласты", "террористік топ құрып, оның жұмысына қатысты", "қару-жарақ пен оқ-дәрі ұрлады" және басқа да ауыр қылмыстар жасады деген айыптар тағылған.

Сот басталғанға дейін айыпталушы Қасқабаевтың әкесі Қайрат Садырбеков айыпталушылардың Астанада салынып жатқан опера театрында "теракті жасамақ болғанын" айтқан. "Қылмыстық істе олардан Есілдің сол жағалауында салынып жатқан театрдың сызбасы табылған. Бұған қоса олардан автоматтар, пневматикалық тапаншалар да тәркіленген" деген Садырбеков.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!