Іздеу жарияланған 57 қылмыскер ұсталды

Фотография - Іздеу жарияланған 57 қылмыскер ұсталды

«Апта ішінде 6 682 қылмыс тіркелсе, «ізі суымай» 3 011 қылмыстың беті ашылды. Бұрын жасалған 620 қылмыс, оның ішінде өткен жылдар санатындағы 70 қылмыс ашылды. Іздеу жарияланған 57 қылмыскер ұсталып, 4 дана қару тәркіленді», - деді ол

160 0

Іздеу жарияланған 57 қылмыскер өткен апта ішінде ұсталды. Бұл туралы бүгін апталық брифинг барысында ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

«Апта ішінде 6 682 қылмыс тіркелсе, «ізі суымай» 3 011 қылмыстың беті ашылды. Бұрын жасалған 620 қылмыс, оның ішінде өткен жылдар санатындағы 70 қылмыс ашылды. Іздеу жарияланған 57 қылмыскер ұсталып, 4 дана қару тәркіленді», - деді ол.

Сонымен қатар ресми өкілдің сөзіне қарағанда, есірткінің заңсыз айналымына байланысты 38 қылмыс анықталса, оның 23-і сату фактісі болып отыр.  Тәркіленген есірткі затының жалпы салмағы шамамен 14 келіні құрайды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!