Таразда ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі ұсталды - ІІМ

Фотография - Таразда ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі ұсталды - ІІМ

Таразда ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі ұсталды. Бұл туралы бүгін апталық брифинг барысында ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

214 0

Таразда ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі ұсталды. Бұл туралы бүгін апталық брифинг барысында ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

«ҚР ІІМ және Жамбыл облыстық ІІД-нің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөліністерінің қызметкерлері Тараз қаласындағы Сейфуллин мен Рысқұлов көшелерінің қиылысынан Байзақ ауданының 36 жастағы тұрғынын, ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесін ұстады», - деді ол.

Ресми өкілдің айтуынша, оны тінту кезінде 7 оқ-дәрісі бар «ТТ» маркалы тапанша мен 2 келі 970 грамм марихуана табылып, тәркіленген. «Ұсталған азаматтың үстінен есірткі қылмысы және заңсыз қару сақтау бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді Н.Ораз.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!