56 жастағы әйелді 14 рет пышақтап өлтіргенкүдікті қолға түсті - ІІМ

Фотография - 56 жастағы әйелді 14 рет пышақтап өлтіргенкүдікті қолға түсті - ІІМ

Өскемен қаласында криминалдық полиция қызметкерлері облыс орталығының 46 жастағы тұрғынын ұстады.

218 0

 Өскемен қаласында криминалдық полиция қызметкерлері облыс орталығының 46 жастағы тұрғынын ұстады.

Бұл туралы бүгін апталық брифинг барысында ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

Оның атап өтуінше, күдікті өзінің танысы, 56 жастағы әйелді өлтіріп, қылмыстың ізін жасыру мақсатымен пәтерге өрт қойған. Полицияға орын алған оқиға жөнінде өрт сөндіру қызметінің диспетчері хабарлаған.

«Жәбірленушінің жанып кеткен мәйіті қонақ бөлмедегі кереуеттен табылды. Сот медициналық сараптамасы әйел денесіне -14, оның ішінде 11-і терең сұғылған пышақ жарақатын анықтады»,-  деді Н.Ораз.

Тергеу барысында полиция қызметкерлері спирттік ішімдік ішу кезінде ойламаған жерден жанжал шығып, оның арты қайғылы оқиғаға әкеліп соқтырғанын анықтады. Сонымен бірге, күдіктінің пәтерден 2 ұялы телефон және фотоаппарат алып кеткені белгілі болды.

«Қазіргі таңда аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді ол.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!