ШҚО тұрғыны күректің сабымен қарақшылық шабуыл жасаған

Фотография - ШҚО тұрғыны күректің сабымен қарақшылық шабуыл жасаған

 Бұл туралы бүгін ішкі істер органдарының қызметі туралы өткен брифинг барысында ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

125 0

Шығыс Қазақстан облысы Белоусовка кентінің 31 жастағы тұрғыны күректің сабымен қарақшылық шабуыл жасаған. Бұл туралы бүгін ішкі істер органдарының қызметі туралы өткен брифинг барысында ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

«Қаскүнем 77 жастағы жалғыз басты зейнеткердің үйінің терезесін шағып кіріп, оны ұрып-соғып, қорқытып, ақша талап еткен. Қарияның үйінде ақша болмағандықтан қарақшы үстел үстінде жатқан ұялы телефон мен 300 теңгені қолды қылған», - деді Нұрділдә Ораз.

Қарақшылық шабуыл фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері күдіктіні қолға түсірді.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!