Алматыда пәтер тонауды кәсіпке айналдырған ұры ұсталды - ІІМ

Фотография - Алматыда пәтер тонауды кәсіпке айналдырған ұры ұсталды - ІІМ

Алматыда пәтер тонауды кәсіпке айналдырған ұры ұсталды. Бұл туралы бүгін апталық брифинг барысында ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті

172 0

Алматыда пәтер тонауды кәсіпке айналдырған ұры ұсталды. Бұл туралы бүгін апталық брифинг барысында ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті.

«Алматылық полиция қызметкерлері оңтүстік астана аумағында бірнеше пәтерге ұрлыққа түскен азаматты ұстады», - деді ол.

Н.Ораздың айтуынша, осындай қылмыстарға бұдан бұрын да барғаны үшін сотты болған 25 жастағы күдікті азаматтардың үйіне құлыпқа дәл келетін кілтті жасату арқылы кіріп отырған. Ол ақша, киер киім және тұрмыстық техниканы ұрлауды кәсіп еткен.

«Қазіргі таңда күдіктінің ағымдағы жылғы наурыз айында жасалған 3 пәтер ұрлығы фактісіне қатыстылығы анықталып отыр», - деді ресми өкіл.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!