Павлодарда ішкі әскердің тағы бір сарбазы қаза тапты

Фотография - Павлодарда ішкі әскердің тағы бір сарбазы қаза тапты

 20 жастағы Талғат Қайыржановтың қансыраған денесі ол күзетіп жатқан түрменің қарауыл мұнарасынан табылған. 

233 0

 20 жастағы Талғат Қайыржановтың қансыраған денесі ол күзетіп жатқан түрменің қарауыл мұнарасынан табылған. 

Калашников мылтығынан атылған оқ сарбаздың дәл кеудесіне тиіпті. Десек те, тергеушілер оның өз өзіне қол салуы мүмкін емес дейді. Үздік мергендердің бірі саналған Талғат Қайыржанов өткен жылы Ақтөбе облысының Ойыл ауданынан әскерге алыныпты. Жарқын мінезді жігіт 6 айдан соң үйіне оралуы тиіс еді. Дәл бүгін кезекшілік ауысып жатқан кезде, оның денесін қарауыл бастығы тауыпты. Қансыраған сарбазды ауруханаға жеткізгенімен, ол есін жимастан көз жұмды. Таң қаларлығы, биіктегі күзет бекетінен атылған автомат дауысын ешкім естімеген. Айта кетейік, бұл соңғы бір ай ішінде Ішкі әскер қатарында 4-ші сарбаздың қазасы.

Рүстем Ақбалин, Павлодар қаласындағы 6679 әскери бөлімнің командирі:

- Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Ең бірінші нұсқа –сақтық, қару-жарақпен ойнап, өз- өзін атып алған. Өзіне-өзі қол салу нұсқасын қарастырмай жатырмыз.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!