Ақтөбелік ұры 80 жастағы әжейді зорлап, таяқтың астына алған

Фотография - Ақтөбелік ұры 80 жастағы әжейді зорлап, таяқтың астына алған

 Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады

191 0

Ақтөбе облысының тұрғыны 80 жастағы әйелді зорлап, оны соққының астына алған. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады

Қанпезерден жапа шекен қарт әйел Хобда аудандына қарасты ауылдардың біріндегі ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер әжейдің бас сүйегі мен мыйына қатты зақым келгендігін айтып отыр. Зардап шегушінің полиция өкілдеріне айтқан мәлімдемесіне қарағанда, 14 мамыр күні белгісіз ер кісі оның терезесін бұзып үйіне кіріп, күш көрсеткен. Тіпті, алаяқ әжейден ақша талап еткен соң, ол оған 20 мың теңгесін берген екен.

Араға көп уақыт салмай, полиция қызметкерлері 37 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірді. Күдікті өзінің істеген қылмысын толық мойындап отыр. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің «зорлау және тонау» фактілері бойынша қылмыс іс қозғалған. Қазір ол уақытша абақтыда отыр. Іс тергелуде.

Естеріңізге сала кетейік, 2012 жылдың желтоқсан айында Талдықорған қаласының тұрғыны 82 жастағы зейнеркер әйелді зорлаған болатын. Зәбір көрген әже ауруханада тілге келмей қайтыс болған еді. Ал, қылмыскер өзінің сол күні ащы суға қатты мас болғандығын айтқан. 


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!