Қызылордада 2 оқушы қызды жігіттер топ болып зорлаған

Фотография - Қызылордада 2 оқушы қызды жігіттер топ болып зорлаған

Қызылордада 2 оқушы қызды "топ болып зорлады" деген күдікпен 2 жігіт ұсталды.

256 0

Қызылордада 2 оқушы қызды "топ болып зорлады" деген күдікпен 2 жігіт ұсталды.

Олар 9 және 11-сыныпта оқитын қыздармен бильярд клубында танысқан. Сөйтіп, оларды қалаға жақын маңдағы Айдарлы ауылына алдап алып барып, өзен жағасында арам ойларын жүзеге асырған.

"Әрқайсысы судың жағасында екі қызды еркінен тыс зорлаған. Күдіктілердің барлық саны үшеу, екеуіне қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қолданылып, біреуі іздеуде", - қала прокурорының аға көмекшісі Нұрлан Жаниев.

Қазіргі таңда 3 сезіктіге қатысты нәпсіқұмарлық сипатындағы күш қолданғаны үшін Қылмыстық кодекстің қос бабы бойынша айып тағылып отыр.

Егер кінәлары толық дәлелденсе, олар 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!