Көлік түтіні өлім-жітімді арттырады

Фотография - Көлік түтіні өлім-жітімді арттырады

 Автокөліктерден шығатын пайдаланылған газ адамдардың өлім-жітім көрсеткішін арттырады. Бұл туралы Journal of Epidemiology and Community Health басылымында жарияланған зерттеуде айтылды, деп жазады Алаш айнасы

1419 0

 Автокөліктерден шығатын пайдаланылған газ адамдардың өлім-жітім көрсеткішін арттырады. Бұл туралы Journal of Epidemiology and Community Health басылымында жарияланған зерттеуде айтылды, деп жазады Алаш айнасы.

«Новости» агенттігінің хабарлауынша, ғалымдар 1994-2004 жылдары инсульт алған 1100-ден астам адамның мәлімет­теріне талдау жасаған. Олардың 50%-ы – ірі тас жолдарға жақын жерлерде, қалған жартысы – 1-ден 10 шақырымға дейінгі қашықтықта тұратындар. Мамандар рес­пон­денттердің қан және зәр құрамындағы креатинин деңгейін өлшеген. Бұл зат адамдардың бүйрегі қаншалықты жақсы жұмыс істейтінін көрсете алады. Зерттеудің нәтижесінде автокөлік жолдарына жақын жерде өмір сүретін адамдардың бүйрегі нашар келетіні анықталды. Мұндай елді мекендерде тұратын адамдар арасында жүрек-қан тамырлары ауруларынан өліп кету көрсеткіші 4%-ға жоғары болып шықты. Ғалымдар көліктен бөлінетін газ­дың қан тамырларын патологиялық өзге­ріске ұшыратып, жұмысына кедергі келті­ретінін айтады.


Тегтер:

іс сапар

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!