Шымкентте бала сатқан қос мейірбике 8 жылға сотталды

Фотография - Шымкентте бала сатқан қос мейірбике 8 жылға сотталды

Әл-Фараби аудандық сотында елдің есін алған масқара жағдайға нүкте қойылды.

455 0

Шымкентте сәби сатып, «мейірімділік» танытқан мейірбикелерге қатысты сот үкімін шығарды. Әл-Фараби аудандық сотында елдің есін алған масқара жағдайға нүкте қойылды.

Сот отырысындағы екі әйелдің де жасы 30-да. Олар Шымкенттегі №1 перзентхананың бұрынғы мейірбикелері. Медицина қызметкерелері бала сату бабы бойынша айыпталып жатыр. Есіңізде болса, осы жылдың қаңтар айында қос келіншектің жаңа туған шақалақты көк ақшаға пұлдап жатқан сәтін арнамыздан көрсеткен болатынбыз. Олардың бұл масқара әрекетін қаржы полицейлері дер кезінде анықтады.

«Нәрестенің анасы Шымкент қаласының тұрғыны. Оның өзі жетімдер үйінің түлегі. Сондықтан келіншек өзінің тұрмыстық жағдайына байланысты баласынан бас тартқан. Ал мұны сотталушы екі әйел өз пайдасына шешпек болған», - деді Талғат Қахаров, Әл-Фараби аудандық сотының судьясы.

Сот айыпталушыларды кінәлі деп тапты. Адам сатқаны үшін олар енді 8 жыл бойы түрмеде отырады. Әрі дүние-мүлкі де тәркіленеді. Ал саудаға түскен баладан ананың бас тартқаны себепті ол бөбектер үйіне жіберілді. Судья балалар үйінің жетекшілігіне де жауапкершілік жөнінде түсіндіруді ұмыт қалдырған жоқ.

Соттың шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ. Қайта шағым беруге айыпталушылардың 15 күн уақыты бар.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!