ОҚО-да пара алу үстіндеекі полиция қызметкері қолға түсті

Фотография - ОҚО-да пара алу үстіндеекі полиция қызметкері қолға түсті

Шымкентте пара алу үстінде екі полиция қызметкері қолға түсті, деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

135 0

 Шымкентте пара алу үстінде екі полиция қызметкері қолға түсті, деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

 

Ведомствоның хабарлауынша, 16 мамыр күні Шымкент қаласының тұрғыны ОҚО ІІД жол полициясы басқармасының 2 қызметкері әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін 30 мың теңге көлемінде пара талап етуіне байланысты құқық қорғау органдарына шағымданған.

 

«Жедел шара барысында сол күні 1979 және 1984 жылы туған старшина мен сержант пара алып жатқан жерінде ұсталды», - делінген хабарламада.

 

Қазір бұл факті бойынша ҚР ҚК 311 бабы, 2 бөлімімен (Пара алу) қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылып жатыр. Тергеу амалдары жүруде.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!