СҚО-да 5 жастағы балалар көліктен магнитола мен әмиян ұрлаған

Фотография - СҚО-да 5 жастағы балалар көліктен магнитола мен әмиян ұрлаған

 Солтүстік Қазақстан облысы Булаевта тұратын 5 жастағы балалардың тентектігі үшін ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Олардың бірінің үйінен полицейлер ұрланған заттарды тапты, деп хабарлайды CҚО ІІД баспасөз қызметі.

182 0

 Солтүстік Қазақстан облысы Булаевта тұратын 5 жастағы балалардың тентектігі үшін ата-аналары әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Олардың бірінің үйінен полицейлер ұрланған заттарды тапты, деп хабарлайды CҚО ІІД баспасөз қызметі. 

Булаевтың екі тұрғыны аудандық ішкі істер бөліміне ұрлық жөнінде шағым түсіреді. Олар қонаққа келген үйдің қақпасының алдында тұрған көліктерінен құжаттар салынған әмиянның, магнитола мен навигатордың ұрланғанын хабарлайды. Көршілердің балаларының қатысы бар екеніне күдіктенген олар, ең алдымен, өздері ұрлықтың бетін ашпақшы болады. Бірақ бұл әрекеттері нәтиже бермеген.

«Балалардың полицейлерге айтқанындай, олар көшеде ойнап жүріп, көлікке кіреді де, навигатор, магнитола мен әмиянды жымқырып кетеді. Заттарды алады да, ойындарын жалғастырады. Кешке, үйге қайтарда, балалардың біреуі барлығын пакетке салып, үйіне алып кеткен. Анасы баласының қолында ештеңе байқамағанын айтады», - деді кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспектор Денис Чепиков.

Ұрланған заттардың барлығы иелеріне қайтарылған. Инспектордың айтуынша, балалар тұрмысы нашар отбасыларда тәрбиеленуде. Қазіргі уақытта олардың ата-аналарын әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі шешіліп жатыр.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!