Пәкістанда саясаткер әйелді өлтіріп кетті

Фотография - Пәкістанда саясаткер әйелді өлтіріп кетті

Пәкістанда Әділеттілік үшін қозғалыс партиясының қайраткері Захра Шахид Хусейн сенбі күні қастандық құрбаны болды. Полицияның хабарлауынша, Карачидегі үйінің жанында әлдекімдер басынан атып кеткен саясаткер әйел ауруханаға жеткізілгенше жан тапсырған.

151 0

Танымал спорт жұлдызы Имран Хан жетекшілік ететін Әділеттілік үшін қозғалыс партиясының талабы бойынша Карачидегі бірқатар округтерде жексенбі күні қайта дауыс беру белгіленген еді. Саяси партия бұған дейін мамырдың 11-і күні өткен парламент сайлауында бұрмалаушылықтар мен сайлаушыларды қорқытып-үркіту көп болды деп мәлімдеген. Ол жолғы дауыс беру нәтижесінде Карачиден сайланған орындардың көбіне Бірлескен ұлттық қозғалыс ие болғаны хабарланды.

Ел президенті Асиф Зардари саясаткер Захра Шахид Хусейнге жасалған қастандықты айыптады. Жексенбі күнгі сайлаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Пәкістан билігі Карачидегі сайлау учаскелерінде күзетті күшейтті.

Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!