Жамбыл облысында туған ұлы ескерту жасаған әкесін ұрып өлтірген

Фотография - Жамбыл облысында туған ұлы ескерту жасаған әкесін ұрып өлтірген

Жамбыл облысы Шу ауданында әскери дайындық пәні бойынша сабақ берген 51 жасар азамат туған ұлының қолынан ажал құшты.

224 0

Жамбыл облысы Шу ауданында әскери дайындық пәні бойынша сабақ берген 51 жасар азамат туған ұлының қолынан ажал құшты.

27 жасар «тентек» суға әуес жігіт әкесінің ескерту жасағанына шамданып, ағашпен соққыға жыққан көрінеді. Әкесінің бар «жазығы» - баласының жұмысқа тұруын талап еткені болыпты.

«Ескі ағашты алып, қолынан ұрдым. Ағашпен аямай ұрып, жерге құлаттым»,-деді қылмыскер. Оқиғадан соң, қанішер ештене болмағандай туыстарының үйіне қонаққа барыпты.

Жас жігіт бұл әрекетін «мас болдым, не істегенімді өзім түсінбедім» деп түсіндіруге тырысыпты. Енді оған сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы кесілуі мүмкін.

 


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!