Қызын зорламақ болған 43 жасар өгей әке құрықталды

Фотография - Қызын зорламақ болған 43 жасар өгей әке құрықталды

Алматылық әйел 16 жасар қызымды зорламақ болды деген шағыммен полицияға хабарласқан. Оның айтуына қарағанда, өгей әкесі бұл әрекетін жүзеге асыруға бірнеше рет оқталған көрінеді, - деп хабарлайды Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі. 

205 0

 Алматылық әйел 16 жасар қызымды зорламақ болды деген шағыммен полицияға хабарласқан. Оның айтуына қарағанда, өгей әкесі бұл әрекетін жүзеге асыруға бірнеше рет оқталған көрінеді, - деп хабарлайды Алматы облысы ІІД баспасөз қызметі. 

«Бойжеткеннің өз үйінде әкесімен бірге қалатын кездері аз болмаған көрінеді. Ал мектеп оқушысы бұл жайында шешесіне айтуға қорқып келген. Алайда, бәрін жайып салмаса, іс насырға шабатынын ұққан қыз, туыстары мен шешесіне болған жайтты баяндайды. Шағымданушы әйел жасөспірімді зорлауға қатысты нақты әрекет ретінде 9 мамырды атап көрсетеді. Өйткені, сол күні әдеттегідей өз қызымен бірге тұрып жатқан азаматтық некедегі күйеуі үйлерінде қалған екен..

- Бүгінді күдікті бірден қолға түсті. Жасаған әрекетін ішімдік ішкен күйдегі халімен байланыстырып, кінәсін толық мойындап отыр. Оның үстінен қыз зорламақ болды деген бапқа сәйкес, қылмыстық іс қозғалды, - дейді Іле аудандық ІІБ бөлім бастығының орынбасары, полиция майоры Есен Ысқақов.

Полиция өкілдерінің айтуынша, он бірінші сыныпта оқитын бойжеткен психологиялық қиын жағдайға тап болған. Оған психолог маманның шұғыл кеңес көмегі қажет көрінеді.

 


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!