Индустрия министрлігінің сарапшысы Астанада пара алу үстінде ұсталды

Фотография - Индустрия министрлігінің сарапшысы Астанада пара алу үстінде ұсталды

 Қаржы полициясы агенттігі Астанада 1 мың АҚШ доллары көлемінде пара алу үстінде Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің бас сарапшысын ұстады деп хабарлайды сейсенбіде экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі.

111 0

Ведомствоның мәліметінше, ағымдағы жылғы 8 мамырда Қаржы полициясы агенттігі Астана қаласының дәмханаларының бірінде коммерциялық ұйым өкілінен Энергетикалық сараптаманы жасауға аккредитациялау туралы куәлігін беруді тездету үшін 1 мың АҚШ доллары көлемінде пара алу үстінде Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің бас сарапшысы Ж. Көшкінбаевты ұстады.

Осы күні аталған тұлғаға қатысты пара алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!