Алматыда бір тәуліктің ішінде 4 рет қыз зорлау оқиғасы тіркелді

Фотография - Алматыда бір тәуліктің ішінде 4 рет қыз зорлау оқиғасы тіркелді

деп хабарлайды  қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Е.Болтаев

1781 0

Алматыда өткен тәулікте 4 қыз зорлау фактісі тіркелген, оның бірі 9-шы сынып оқушысы оқушы. Барлық қылмыстар «ізі суымай» ашылды, деп хабарлайды  қалалық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Е.Болтаев.

«Алғашқы оқиға Бостандық ауданындағы пәтерлердің бірінде сағат түнгі онның шамасында орын алған. Қапшағай қаласының 1986 жылғы тұрғынын зорлады деген күдікпен Алматы облысының 1979 жылғы азаматы ұсталды. Жәбірленуші құқық қорғау органдарына өзі келіп шағымданды»,-деді Е.Болтаев.

Оның сөзіне қарағанда, тағы бір оқиға таңғы сағат 7.00-де болған. 1968 жылы туған ер адам 9-шы сыныпта оқитын 16 жастағы қызға күш көрсетіп, зорлаған.

Ал қалған екі оқиға көлік салонында орын алды. «Алтынсарин көшесі бойында сағат 00:20 шамасында «Daewoo Nexia » көлігінде 1967 жылғы азамат 20 жастағы қызды зорламақ болған. Сонымен қатар «Mitsubishi» көлігінің жүргізушісі, 1984 жылғы жігіт 1992 жылы туған қызды зорлаған. Ол «Боран 001» патрульдік полиция полкіне хабарласып, шағым түсірді. Күдікті аудандық ІІД жеткізілген»,-деді баспасөз қызметінің жетекшісі.

Е.Болтаевтың айтуынша, қазір тергеу амалдары жүріп жатыр, полицейлер оқиғаның қалай болғанын анықтайды.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!