Батыс Қазақстанда жыл басынан алты адам суға кетті

Фотография - Батыс Қазақстанда жыл басынан алты адам суға кетті

Батыс Қазақстан облысында биыл алты адам суға кетіп, көз жұмды.

198 0

Батыс Қазақстан облысында биыл алты адам суға кетіп, көз жұмды.

Облыстық суда құтқару қызметінің бастығы Бисенбай Жексеновтің сөзіне қарағанда, 9 сәуірде Зеленов ауданына қарасты Январцев ауылының тұсында Жайық өзенінде балық аулау кезінде 72 жастағы қария қайығы аударылып, өзі балық аулайтын ауға оратылып батып кеткен. Ал 25 сәуірде Зеленов ауданындағы Мичурин ауылының маңында 1966 жылғы С. деген азамат ішімдік ішіп, Шаған өзенінің белгіленбеген жеріне суға түсудің кесірінен жарық дүниемен қоштасса, осыдан бірер апта бұрын, дәлірек айтқанда 11 мамыр күні Жәнібек ауданының Ш. есімді 7-сынып оқушысы жасанды су айдынында үлкендердің қарауынсыз қалып, суға батып кеткен. Сондай-ақ биылғы мамыр айының 15-і мен 17-сі күні белгіленбеген жерге шомылғандықтан, Зеленов және Бөрлі аудандарында 3 кісі суға кеткен.

Суда құтқару қызметінің материалдық-техникалық әлеуеті нығая түсуінің арқасында өңірде соңғы жылдары суға кету оқиғалары азайып келеді. Мәселен, 2010 жылы 43 адам «тілсіз жаудың» құрбанына айналса, 188 адам құтқарылды. Бұл көрсеткіштер сәйкесінше 2011 жылы - 28 және 252, 2012 жылы 23 және 37 болды.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!