Жезқазғанда мас бұзақы тәртіп сақшысын тістеп алды

Фотография - Жезқазғанда мас бұзақы тәртіп сақшысын тістеп алды

Қарағанды облысы Жезқазған қаласында жергілікті тұрғын полиция қызметкеріне шабуыл жасағаны үшін құрықталды.

216 0

Қарағанды облысы Жезқазған қаласында жергілікті тұрғын полиция қызметкеріне шабуыл жасағаны үшін құрықталды.

Агенттіктің мәліметіне қарағанда, мамырдың 22-інде қалалық Ішкі істер басқармасының әкімшілік полиция бөлімшесінің учаскелік инспекторы қоғамдық тыныштықты бұзып, алкогольді ішімдік ішкен азаматтардың пәтерін тексерген.

Сондай бір пәтерге кіре бергенінде алдынан араққа сылқия тойып алған пәтер иесі шығып, күш көрсете бастапты. Полиция қызметкері қарсылық көрсеткен кісіні жерге құлатқанда, ер адам тәртіп сақшысының аяғын тістеп алыпты.

Көмекке келген полицейлер 31 жасар бұзақыны құрықтап, құқық қорғау органына қарсылық көрсеткені үшін оған қатысты қылмыстық іс қозғады.


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!