ШҚО-да ауыл тұрғыны зейнеткердің үйінен азық-түлік ұрлаған

Фотография - ШҚО-да ауыл тұрғыны зейнеткердің үйінен азық-түлік ұрлаған

деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

122 0

Шығыс Қазақстан облысында зейнеткердің үйінен азық-түлік ұрлаған адам қолға түсті, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметі.

«Зырян ауданындағы ауылдардың бірінде жергілікті тұрғын зейнеткердің үйіне кіріп, азық-түлік ұрлап кеткен. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы тез арада ұрыны ұстады. Ол бұрын сотталмаған, жұмыссыз 51 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты», - делінген хабарламада.

Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде.

Айта кетейік, өңірдегі қылмыстардың басым бөлігін ұрлық құрап отыр. Статистика деректеріне сәйкес, бір тәулік ішінде 50-ден 60-қа дейін ұрлық жасау фактілері тіркеледі екен.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

полиция сот

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!